Фетрмен ж?мыс жасау?а бизнес план

Фетрмен ж?мыс жасау?а бизнес план thumbnail

Жобаны іске асыру мерзімі мен негізігі кезеңдері

Жобаны іске асырылуы несие алған соң басталады. Аяқталу мерзімі 12 ай. Жобаның іске асыруылуы 1-ші кестеде сипатталған.

Жоба кезеңдері

1 кесте.

Жоба кезеңіОрындалу шарттарыОрындалу мерзімдері
Жобаның бастаулуыБірінші ай
Кәсіпорынның тіркелуі

(Жеке кәсіпкерлік)

Қажетті  құжаттардың болуыБірінші ай
Несие алуҚажетті  құжаттардың болуыБірінші ай
Кәсіпорынға қажетті орынды (ғимарат) іздестіруҒимарат ішіндегі орында жалға алу туралы  келісім-шарт жасасуБірінші ай
Қажетті құрал жабдықтарды  сатып алуБірінші ай
Қызметкерлерді жалдауЖұмысқа алу туралы келісім-шарт жасасуБірінші ай
Маркетингктік іс-шараларды  өткізу360 күнЖыл ішінде

Обьектінің сипаттамасы

Би мектептері биге қызығушылық танытып би үйренем деушілерге  би үйрету. Сондықтанда бұл қызметті тұтынушылар:

  • Өзінің дене-тәнін жақсы формада ұстап, би үйренгісі келетін адамдар;
  • Казіргі заман талабына сай әдемі билеу мен әсерлі қимылдарды үйренгісі келетін адамдар;
  • Достары мен жастар арасында өзін еркін әрі жақсы сезінгісі келетін адамдар.

Казіргі таңда би билеу барлық жастар арасында танымал. Мысалы,  балалар би арқылы дене икемділігін дамытады және денсаулығын жақсартады, ал үлкендер болса биді спорттың балама түрі ретінде пайдаланады, зейнеткерлер мен қарт адамдарға таныстық ортасын кеңейтіп, бос уақытын қызықты өткізуге мүмкіндігін береді.

Әлем тарихында 100 ден аса бидің түрлері бар. Қазіргі таңда келесі билердің түрлері үйретілуде. Соның ішіндегі  танымалы:

  • Классикалық би түрін үйрену: Классикалық вальс, вендік вальс, кадрил, квикстеп, мазурка, менует, чарльстон, ча-ча-ча.
  • Латынамерикандың билер: Аргентиндік танго би, болеро, румба, сальса, самба;
  • Шығыс би: «танец живота» (belly dance);
  • Заманауи би: брейк, hip-hop, r’n’b, new style, club-dance, house, girls style, L. A. Style, break-dance.

Би мектебін ұйымдастыру жоспары 353 592 теңге сомма көлемінде инвестиция тартуды көздеп отыр.

Би мектебін ұйымдастыру үшін  80-100 шаршы метр көлемінде  орынды жалдауды қажет етеді.

Биді сапалы үйрету мақсатында топтар  5-6 би үйренушілерден тұрады.

Бір би үйрену сабағынығ ұзақтығы 90 минут.

Айлық абонемент айына 12 би сабағынан тұрады (аптасына 3 рет).

Би сабағы күні бойы өткізіледі. Жас өспірім балалар тобы түске дейін, үлкендерге түстен кейін өтеді. Сондай ақ би үйретуді жекеше  өткізудіде жоспарлануда.

Бизнес ретінде би мектептері  қысқа мерзімде өзін-өзі ақтау мүмкіндігі бар.

Би мектебін жайлы (спальный ) аудандарда ашуды  жоспарланып отыр. Бұның себебі, би мектебінің адамдардың үйлерінен алыс емес жерде орналасуы клиенттердің көптеп келуін қамтамасыз етеді. Яғни адамдар жолға кететін шығындары мен уақытын үнемдей алады. Көптеген адамдар үшін би мектебінің үйден екі қадам жерде жақын орналасуы, оларды   сабақтан соң немесе жұмыс уақытынан кейін және үйде отырған қарапайым үй шаруасындағы адамдарға тартымды фактор болып табылады. Аэробикалық және би жаттығулары фитнес пен өзгеде спорт түрлерін алмастыра алады. Әрбір қыз баланың немесе әйел адамның кез келген  шағындағы негізгі мәселесі әдемі әрі тартымды болу. Ал би денедегі артық салмақтан айырылуға жақсы көмектеседі.

Би мектебін ашу үшін орынды (би залын) іздестіру барысында, жалға алатын бөлменің жағдайына, оның таза ауамен желдетілу (вентиляция) мүмкіндіктерінің болуына аса көңіл бөлінуі керек.

Би үйретушілердің кадрлық құрамы —  Алматы қаласының  хореографикалық колледждер мене академия студенттері арасынан іріктеліп алынады.

Источник

Шағын және орта бизнесті дамыту, елдің экономикалық жағдайын көтеру үшін жеке бизнес бастау, кәсіпке келу кез келген азаматтың міндетіне кіретін, жауапкершілігіне жүктелетін тапсырма. Себебі мемлекет сізді асырауға міндетті емес. Сондықтан сізге жеке кәсіп бастау керек. Қалай?

Бизнес-жоспарлаудың мақсаттары

Өз ісіңді таңдап, оны қалай ұйымдастыратыныңды шешіп алу қажет. Демек, ол алдағы болашақты жоспарлау деген сөз. Бизнес-жоспар барлық адамдарға, атап айтқанда:

•    Өз жобасын іске асыру үшін қарызға ақша сұрайтын адамдарға, яғни банкирлер мен инвесторларға.

•    Өз міндеттері мен болашағын түсіну үшін сіздің қызметкерлеріңізге.

•    Өз идеяңыздың шынайылығы мен нақтылығын тексеру үшін өзіңізге керек.

Бизнес-жоспар – бұл:

1. Болашақ кәсіпорынның немесе жобаның барлық негізгі қырларын сипаттайды.
2. Оның ықтимал барлық проблемаларына талдау жасайды.
3. Анықталған проблемалардың шешу жолдарын қарастырады.

Дұрыс жасалған бизнес-жоспар – «Ойластырылған іс ақша салуға лайық па және ол барлық жұмсалған шығындардың орнын толтыратын пайда әкеле ме?» деген сұрақтың нақты жауабы болып табылады.

Маңызды! Оны компанияның болашақ және қазіргі көшбасшылары, яғни бизнес-жоспарды іске асыру үшін барлық жауапкершілікті өз мойнына алатын адамдар жоспарлауы тиіс. Бұл дегеніміз, әрине, осы саладағы кеңес берушілер мен сарапшылардың қызметін пайдаланбау керек деген сөз емес. Алайда, консалтингтік фирмалар оны құру үшін 2 мың АҚШ долларынан бастап 40 мың АҚШ долларына дейін қомақты қаржы сұрайтыны белгілі. Оны аз шығын жұмсай отырып, өзіңіз де жасай аласыз. Бұл жұмысқа тікелей өзіңіз кірісу арқылы болашақ қызметіңіздің үлгісін жасап қана қоймай, өзіңіздің және түпкі ойыңыздың беріктігін тексере аласыз.
Сонымен, бизнес-жоспардың негізгі мақсаты: кәсіпкерлерге келесі міндеттерді шешуге көмектеседі:

Читайте также:  Собственные и заемные средства в бизнес плане

–    Болашақ нарықтың сыйымдылығы мен даму келешегін зерттеу қажет.
–    Нарыққа қажет өнімді өндіру үшін шығындарды бағалау керек. Оларды бағамен салыстыру қажет.
–    Істің жағдайын реттеуге мүмкіндік беретін көрсеткіштерді анықтау керек.

Есіңізде болсын! Бизнес-жоспар әдетте болашаққа арналып жазылады және оны 3-5 жыл ілгеріге құрған жөн. Бұған қоса, бірінші жыл үшін негізгі көрсеткіштерді айға, екінші жылы – тоқсанға бөлу қажет, тек үшінші жылдан бастап жылдық көрсеткіштермен шектелген дұрыс. Алайда, біздің экономикамызды, оның тұрақсыздығын есепке ала отырып, бір жылдан астам уақытқа бизнес-жоспар құру – тиімсіз болмақ. Сондықтан, қазір көпшілік адамдар жоспарды тек бір жылға құрумен шектелуде.

Бизнес-жоспардың құрылымы

Бизнес-жоспардың құрылымы күрделі. Фирманың құрылған сәтінен бастап оның тұрақты және орнықты болғанға дейінгі өмір тарихы іскерлік тілмен жазылуы керек, бірақ ол адамдарға анық және түсінікті болуы тиіс. Бизнес-жоспар кез келген кәсіпкерге, қаржыгерге және банк қызметшісіне, сондай-ақ әлеуетті серіктеске түсінікті болғаны жөн. Құпиялылық туралы меморандум бизнес-жоспармен танысқан тұлғалармен ондағы ақпараттың құпия екендігін ескерту үшін жасалады. Меморандумда көшіруге, жобаны үшінші тұлғаға беруге тыйым салу және жобаны авторға қайтару туралы талап болуы мүмкін.

Бизнес-жоспар қысқа әрі нұсқа болуы шарт. Кейде мәселенің мәнін ашып көрсету үшін оның мазмұнын едәуір тереңдетіп жібереді. Ұсынылатын көлемі: 30-70 бет, одан асырмау керек. Ал, қалған барлық қосымша материалдарды бизнес-жоспардың қосымшасына енгізген дұрыс.

Есте сақтаңыз! Қысқа да нұсқа ақпаратты ұсынған маңызды.

Сізге ескеруге қажетті басты дүниелер мыналар:

1. Аннотация (1 бетке дейін) – жоғары басшылыққа жазбаша жолданым.

2. Резюме (1-3 бет) – бизнес-жоспармен танысуға арналған негізгі ақпарат.

3. Бизнес–жоспар (45-60 бет)  — сарапшылар мен инвестордың мамандары жобамен егжей-тегжейлі танысу үшін қажет.

Қаперіңізде ұстаңыз! Кез келген бизнестің өзіне тән ерекшеліктері болады. Сәйкесінше, барлық жағдайда қолданылатын «стандартты» жоспар да болмайды. Бизнес-жоспар жасаудың тек жалпы қағидалары, құрылымы ғана бар.
Әрі қарай бизнес-жоспардың мазмұнын толығырақ баяндайық.

Резюме

Сіздің бизнесіңіз қорытындыдан басталуы тиіс. Сіз, әрине, оны ең соңғы кезекте жазасыз. Бірақ, ол сіздің бизнес-жоспарыңыздың ең бірінші тармағында болуы керек. Резюме – жазылып қойған бизнес-жоспардың қорытындысы. Бұл – әлеуетті инвесторлардың көпшілігі оқитын жалғыз бөлім.
•    Бизнес-жоспардың мақсаты.
•    Қаржыға мұқтаждық, олар қандай мақсат үшін қажет.
•    Бизнестің және оның мақсатты тұтынушысының қысқаша сипаттамасы.
•    Бәсекелестерден басты айырмашылықтар.
•    Негізгі қаржылық көрсеткіштер.

Бизнес–жоспар:

1. Мақсаты мен міндеттері

Бұл жерде сіз идеяларыңызға талдау жасау (SWOT–анализ) керексіз. Мықты және әлсіз тұстарын, сондай-ақ мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді ашу қажет.
•    Идеяларға талдау жасау.
•    Қызметіңіздің мақсаты (неге қол жеткізгіңіз келеді)
•    Салаға сипаттама беру.

2. Өнім (қызмет көрсету)

Бұл бөлімнің анық, нақты әрі барлығына түсінікті тілмен жазылуы өте маңызды.
•    Өнімге немесе қызмет көрсету түріне және оны қолдануға сипаттама беру
•    Бірегейлік
•    Бизнеске қажетті технологиялар мен біліктілік
•    Лицензия/патенттік құқық

3. Нарыққа талдау жасау

Нарық пен маркетинг – барлық компания үшін шешуші фактор саналады. Сіз алдын ала ауқымды көлемдегі «қолжазбалық» ақпаратты жинап, оны сұрыптап алуыңыз қажет.
•    Сатып алушылар.
•    Бәсекелестер (олардың мықты және осал тұстары).
•    Нарықтың сегменттері.
•    Нарықтың көлемі мен оның өсу шегі.
•    Нарықтағы бағалау үлесі.
•    Клиенттеріңіздің құрамы.
•    Бәсекелестіктің ықпалы.

4. Маркетинг жоспары

Бұл кезеңдегі негізгі міндет – әлеуетті инвестордың сеніміне ие болып, ықыласына бөлену. Егер сіздің арнайы біліміңіз болмаса, маркетинг туралы кітаптар оқып, мамандардың көмегіне жүгінгеніңіз жөн.
•    Маркетингтік орналастыру (бәсекелестермен салыстыра отырып, өнімдердің, қызмет көрсетудің негізгі сипаттамаларын көрсету).
•    Баға белгілеу (тауарлардың бағасын қалай дұрыс қою керек).
•    Тауарларды тарату сызбасы.
•    Сатылымды ынталандыру тәсілдері.

5. Өндіріс жоспары

Мұнда сіз жалға алатын ғимаратыңызға, оның орналасқан жеріне, жабдықтарға, қызметшілерге қатысты барлық мәселелерді қарастыруыңыз керек.
•    Ғимаратыңыздың немесе кеңсеңіздің орналасуы.
•    Жабдықтар.
•    Негізгі материалдар мен жабдықтарды жеткізетін дереккөздер.
•    Қосалқы мердігерлерді пайдалану.

Читайте также:  Бизнес план по интернет заработку

6. Басқарушылық қызметкерлер

Инвестиция бизнес-жоспарға емес, нақты адамдарға салынады. Сондықтан, бұл – аса маңызды тармақтардың бірі саналады.
•    Негізгі басқарушылық құрам.
•    Қызметкерлер құрамы.
•    Ақы төлеу.

7. Қажетті ресурстар көзі және көлемі

Бұл тармақта сіз төмендегілерге қатысты өз ойларыңызды қалыптастыруыңыз керек:
•    Қажетті қаржы көлемі.
•    Оны алу көздері, тәртібі, мерзімі.
•    Қаражатты қайтару мерзімі.

8. Қаржы жоспары мен қауіп-қатерлерге талдау жасау

Іскер адамдар санмен жұмыс істегенді жақсы көретіндер және одан қорқатындар болып екіге бөлінеді. Бірінші топқа кіретіндерге бизнес-жоспардың бұл тармағы – өте маңызды болмақ.
•    Сатылым көлемі, табыс мөлшері, тауардың өзіндік құны және т.б.
•    Қауіп-қатерлер мен олардан құтылудың жолдары.

9. Егжей-тегжейлі қаржылық жоспар

Өзіңіздің бизнес-жоспарыңызға егжей-тегжейлі қаржылық жоспарды енгізуіңіз қажет:
•    Сатылым көлеміне болжам жасау.
•    Пайда мен шығынды бағалау.
•    Қолма-қол ақша ағынына талдау жүргізу (бірінші жылы ай сайын, кейін тоқсан сайын).
•    Жылдық теңгерімдік тізімдеме

Бизнес-жоспарды құру бойынша бірнеше кеңес айта кеткен жөн:

1. Ең алдымен, басқа адамдардың жасаған бірнеше бизнес-жоспарымен танысып шығыңыз.
2. Бизнес–жоспар сіздің даралығыңызды көрсетуі тиіс.
3. Бизнес-жоспарды әзірлеу – еріксіз қиялыңызды талап ететін жұмыс.
4. Таңдаған бағыт бойынша дағды мен тәжірибе жинақтаңыз.
5. Моральдық және физикалық тұрғыдан жүдеген кезде емес, бойыңыз күш-қуатқа толы күндері жазыңыз.

bilim-all.kz

Источник

Бизнес-жоспар болашақта іске асырғыңыз келетін дүниелердің қағаздағы нұсқасы дедік. Тек бизнес-жоспарда эмоцияға орын жоқ екенін білгейсіз. Сонымен қатар бизнес-жоспар ғана ойыңыздағы идеяның «өмір сүретіндігіне» не «сүрмейтіндігіне» көз жеткізетін құжат.

Бизнес-жоспар қай кезде керек?

Жобаңызға инвестор не қаржы ұятын банк іздесеңіз;

Өзінің мүмкіндігіңіз бен мақсатыңызды түсінгіңіз келсе;

Идеяларыңыздың қаншалықты ақылға қонымды екендігін тексеретін болсаңыз.

                                       Бизнес-жоспарды кім жазады?

Бүгінгі таңда сіз ауызша айтып берген дүниелерді қағазға түсіріп, керек есебін шығарып, сіз үшін бизнес-жоспар жазып беретін мамандар бар. Алайда оны жазу әркімнің-ақ қолынан келеді. Болашақ кәсіпкердің бизнес-жоспарды өзі жазуы оны сандарды сөйлете білуінен, кез келген сұраққа тақылдап жауап беруінен байқалып тұрады. Егер де сізде керемет идея пайда болып, бизнес-жоспар жаза алмай қиналсаңыз, Balbal.kz сізге көмекке келуге дайын.

Бизнес-жоспар жазбас бұрын

Көңіл-күйіңіздің көтеріңкі екендігіне көз жеткізіңіз. Оған қоса бойыңызды күш-қуат тасып не керісінше азып-тозып отырғаныңызды анықтап алыңыз. Сізде бәрі керемет болса, «бизнес-жоспар жазамын» деп алдыңызға мақсат қойыңыз. Ғаламтордан дайын бизнес-жоспарларды тауып алып, мұқият оқып шығыңыз. Бірнешеуін бір-бірімен салыстырып, ортақ ережелерін шығарыңыз.

Бизнес-жоспар не үшін қажет?

Мына сұрақтарға жауап аласыз:

Жобаға қанша қаражат кететіндігі?

Ол қаражат қанша уақытта өзін-өзі ақтайтындығы?

Өнімнің/тауардың бір данасы қанша тұратындығы?

Жоба қанша таза табыс алып келетіндігі?

Жобаны жүзеге асыру барысында қандай кедергілер кездесетіні?

Қалай жарнамалауға болатындығы?

Мақсатты аудитория кім екені?

Бизнес-жоспар жазу барысындағы ескертпелер

Бизнес-жоспар көбінесе алдағы 3-5 жылға жазылады. Алғашқы жылды айларға бөліп қарастырған жөн. Екінші жылды тоқсанға бөлсеңіз рұқсат. Ал үшінші жылдан бастап жылдарға ғана бөлсеңіз жеткілікті.

Бизнес-жоспардың тілі қарапайым болуы тиіс. Диалектерді, мақал-мәтелдерді қолданбаңыз.

Кемі 1 беттік бизнес-жоспар дайындасаңыз болады. Ал қалған ақпараттың барлығын қосымшаға салғаныңыз жақсы.

Бизнес-жоспар жазудың белгілі бір қағидасы жоқ. Тек құрылымын сақтасаңыз болғаны.

Бизнес-жоспардың «бісмілләсі»

Пайда болатын компанияңыздың атауы, мағынасын ашатын сапалы фото бизнес-жоспарыңыздың титулды бетінде жазылуы тиіс. Сонымен қатар аты-жөніңізді көрсетесіз. Егер бұл жоспарды грант ұтып алу үшін белгілі бір мекемеге өткізетін болсаңыз, онда бизнес-тренеріңіздің аты-жөнін жазу маңызды. Сонымен қатар байқауды ұйымдастырып жатқан мекеменің логотипін орналастырсаңыз болады.

Бизнес-жоспардың 2-ші беті

Ең басында құпиялылық меморандумын жазыңыз. Оған сәйкес бұл құжатты қолына алған адам мұндағы идея/ақпараттың сіздің жеке меншігіңіз екендігін ұғады. Сонымен қатар бұл арқылы сіз жобаны көшіріп басуға, бөгде біреуге оқытуға тыйым саласыз.

Бизнес-жоспардың 3-ші беті

Мазмұнын көрсетсеңіз болады яғни қай ақпараттың қандай бетте орналасқаны жайында ақпарат бересіз. Бірақ бұл міндетті емес.

Бизнес-жоспардың 4-ші беті

Инвесторлар бизнес-жобаны толық емес, тек түйіндемесін оқи салатынын назарда ұстаңыз. Сондықтан бар негізгі ойды, есепті қысқа-нұсқа етіп түйіндемеге жаза біліңіз. Бұл дегеніміз:

Бизнес-жоспардың мақсаты

Читайте также:  Бизнес план реконструкции молочно товарной фермы

Сұралатын қаражат қандай мақсатқа жұмсалатындығы

Жобаның нәтижесінде қандай бизнес пайда болатындығы

Оның қоғамға әкелер пайдасы

Оның клиенттері кім болатындығы

Қаржылық жағдайдың қалай болатындығы

Бизнес-жоспардың 5-ші беті

Инвестициялық жоспар жасайсыз. Ақпаратты кесте түрінде бергеніңіз абзал. Бастысы кестенің реттік нөмірін, кесте атауын қоса жазуды естен шығармағайсыз. Инвестициялық жоспарда сіз сұрайтын сомаңыз неге және қандай көлемде (қандай техникаға, қандай процеске) жұмсалмақшы екендігін көрсетесіз. Жоспардан соң инвестициялық стратегия кестесін сызыңыз. Онда сіз қандай айда, қай жылы қанша қаражат не үшін шығындалатынын анықтайсыз.

                                         Бизнес-жоспардың 6-ші беті

Өнімнің, қызметтің сипаттамасын жазасыз. Бұларды халық қай кезде және қалай тұтына алатындығын ашып жазасыз. Бұл іспен айналысуға сіздің қаншалықты қарым-қабілетті екендігіңізді, тәжірибеңізді ата өтесіз. Сіздің бастамаңыздың ерекшелігіне баса назар аударасыз.

Бизнес-жоспардың 7-ші беті

Маркетингтік жоспар жасауға кезек келді.  Мұнда сіз нарықты зерттейсіз. Сатып алушыларыңыз кім (клиенттің келбеті), бәсекелестеріңіз кім, нарықтағы орныңыз, болашағыңыз туралы ойланасыз. Бұл үшін SWOT-талдау жасай салған жеңілірек.

SWOT-талдау дегеніміз – бизнес-идеяның мықты тұстарын, әлсіз тұстарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін бір кестеге тізу.

Одан соң маркетингтік стратегияны жазуға көшесіз. Енді сіз нарыққа қалай шығатындығыңызды, өнімді/компанияны қалай жарнамалайтындығыңызды, тұтынушыларды қалай қызықтыратындығыңызды, тіпті өнім клиенттің қолына қалай түсетіндігін көрсетесіз.

Бизнес-жоспардың 8-ші беті

Өндіріс жоспарда қай жерде жұмыс істейтініңізді, қандай техниканы қолданатыныңызды, керек материалдарды қайдан және қалай алатыныңыз жайлы жазасыз. Сатып алынатын техникалардың атауын, шыққан зауытын, тіпті фотосын көрсете салыңыз. Мүмкіндік болса, олар қай жерде сатылатындығын, қолда бар ма, жоқ па екендігін анықтай салыңыз.

Бизнес-жоспардың 9-ші беті

Бизнес-жоспардың ең маңызды тұсы – қаржылық жоспар. Сондықтан қаржылық жоспарды бірнеше бөлікке бөлесіз: еңбекақы жоспары, баға саясаты, жалпы қаржылық жоспар және нақты қаржылық жоспар.

Жалпы қаржылық жоспарда өнімнің/қызметтің бір данасы қанша тұратындығын, қанша шығын/табыс алып келетіндігін, қаншауын сатуға болатындығын анықтайсыз.

Нақты қаржылық жоспарда кірістер мен шығындарды айларға, тоқсанға, жылдарға бөліп есептейсіз. Мұны ойша санау қиын. Сондықтан excel-дің көмегіне жүгінуге болады.

Бизнес-жоспардың 10-шы беті

Назар аударарлық қосымша ақпараттың барлығын қосымшада келтіресіз. Ал, пайдаланған әдебиетті жазу міндет емес.

Ісіңізге сәттілік тіледік!

Дайындаған: Жазира Байдалы

Источник

Источник