Бизнес планы на казахском языке

Бизнес планы на казахском языке thumbnail

Бизнес-жоспар болашақта іске асырғыңыз келетін дүниелердің қағаздағы нұсқасы дедік. Тек бизнес-жоспарда эмоцияға орын жоқ екенін білгейсіз. Сонымен қатар бизнес-жоспар ғана ойыңыздағы идеяның «өмір сүретіндігіне» не «сүрмейтіндігіне» көз жеткізетін құжат.

Бизнес-жоспар қай кезде керек?

Жобаңызға инвестор не қаржы ұятын банк іздесеңіз;

Өзінің мүмкіндігіңіз бен мақсатыңызды түсінгіңіз келсе;

Идеяларыңыздың қаншалықты ақылға қонымды екендігін тексеретін болсаңыз.

                                       Бизнес-жоспарды кім жазады?

Бүгінгі таңда сіз ауызша айтып берген дүниелерді қағазға түсіріп, керек есебін шығарып, сіз үшін бизнес-жоспар жазып беретін мамандар бар. Алайда оны жазу әркімнің-ақ қолынан келеді. Болашақ кәсіпкердің бизнес-жоспарды өзі жазуы оны сандарды сөйлете білуінен, кез келген сұраққа тақылдап жауап беруінен байқалып тұрады. Егер де сізде керемет идея пайда болып, бизнес-жоспар жаза алмай қиналсаңыз, Balbal.kz сізге көмекке келуге дайын.

Бизнес-жоспар жазбас бұрын

Көңіл-күйіңіздің көтеріңкі екендігіне көз жеткізіңіз. Оған қоса бойыңызды күш-қуат тасып не керісінше азып-тозып отырғаныңызды анықтап алыңыз. Сізде бәрі керемет болса, «бизнес-жоспар жазамын» деп алдыңызға мақсат қойыңыз. Ғаламтордан дайын бизнес-жоспарларды тауып алып, мұқият оқып шығыңыз. Бірнешеуін бір-бірімен салыстырып, ортақ ережелерін шығарыңыз.

Бизнес-жоспар не үшін қажет?

Мына сұрақтарға жауап аласыз:

Жобаға қанша қаражат кететіндігі?

Ол қаражат қанша уақытта өзін-өзі ақтайтындығы?

Өнімнің/тауардың бір данасы қанша тұратындығы?

Жоба қанша таза табыс алып келетіндігі?

Жобаны жүзеге асыру барысында қандай кедергілер кездесетіні?

Қалай жарнамалауға болатындығы?

Мақсатты аудитория кім екені?

Бизнес-жоспар жазу барысындағы ескертпелер

Бизнес-жоспар көбінесе алдағы 3-5 жылға жазылады. Алғашқы жылды айларға бөліп қарастырған жөн. Екінші жылды тоқсанға бөлсеңіз рұқсат. Ал үшінші жылдан бастап жылдарға ғана бөлсеңіз жеткілікті.

Бизнес-жоспардың тілі қарапайым болуы тиіс. Диалектерді, мақал-мәтелдерді қолданбаңыз.

Кемі 1 беттік бизнес-жоспар дайындасаңыз болады. Ал қалған ақпараттың барлығын қосымшаға салғаныңыз жақсы.

Бизнес-жоспар жазудың белгілі бір қағидасы жоқ. Тек құрылымын сақтасаңыз болғаны.

Бизнес-жоспардың «бісмілләсі»

Пайда болатын компанияңыздың атауы, мағынасын ашатын сапалы фото бизнес-жоспарыңыздың титулды бетінде жазылуы тиіс. Сонымен қатар аты-жөніңізді көрсетесіз. Егер бұл жоспарды грант ұтып алу үшін белгілі бір мекемеге өткізетін болсаңыз, онда бизнес-тренеріңіздің аты-жөнін жазу маңызды. Сонымен қатар байқауды ұйымдастырып жатқан мекеменің логотипін орналастырсаңыз болады.

Бизнес-жоспардың 2-ші беті

Ең басында құпиялылық меморандумын жазыңыз. Оған сәйкес бұл құжатты қолына алған адам мұндағы идея/ақпараттың сіздің жеке меншігіңіз екендігін ұғады. Сонымен қатар бұл арқылы сіз жобаны көшіріп басуға, бөгде біреуге оқытуға тыйым саласыз.

Бизнес-жоспардың 3-ші беті

Мазмұнын көрсетсеңіз болады яғни қай ақпараттың қандай бетте орналасқаны жайында ақпарат бересіз. Бірақ бұл міндетті емес.

Бизнес-жоспардың 4-ші беті

Инвесторлар бизнес-жобаны толық емес, тек түйіндемесін оқи салатынын назарда ұстаңыз. Сондықтан бар негізгі ойды, есепті қысқа-нұсқа етіп түйіндемеге жаза біліңіз. Бұл дегеніміз:

Бизнес-жоспардың мақсаты

Сұралатын қаражат қандай мақсатқа жұмсалатындығы

Жобаның нәтижесінде қандай бизнес пайда болатындығы

Оның қоғамға әкелер пайдасы

Оның клиенттері кім болатындығы

Қаржылық жағдайдың қалай болатындығы

Бизнес-жоспардың 5-ші беті

Инвестициялық жоспар жасайсыз. Ақпаратты кесте түрінде бергеніңіз абзал. Бастысы кестенің реттік нөмірін, кесте атауын қоса жазуды естен шығармағайсыз. Инвестициялық жоспарда сіз сұрайтын сомаңыз неге және қандай көлемде (қандай техникаға, қандай процеске) жұмсалмақшы екендігін көрсетесіз. Жоспардан соң инвестициялық стратегия кестесін сызыңыз. Онда сіз қандай айда, қай жылы қанша қаражат не үшін шығындалатынын анықтайсыз.

                                         Бизнес-жоспардың 6-ші беті

Өнімнің, қызметтің сипаттамасын жазасыз. Бұларды халық қай кезде және қалай тұтына алатындығын ашып жазасыз. Бұл іспен айналысуға сіздің қаншалықты қарым-қабілетті екендігіңізді, тәжірибеңізді ата өтесіз. Сіздің бастамаңыздың ерекшелігіне баса назар аударасыз.

Бизнес-жоспардың 7-ші беті

Маркетингтік жоспар жасауға кезек келді.  Мұнда сіз нарықты зерттейсіз. Сатып алушыларыңыз кім (клиенттің келбеті), бәсекелестеріңіз кім, нарықтағы орныңыз, болашағыңыз туралы ойланасыз. Бұл үшін SWOT-талдау жасай салған жеңілірек.

SWOT-талдау дегеніміз – бизнес-идеяның мықты тұстарын, әлсіз тұстарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін бір кестеге тізу.

Одан соң маркетингтік стратегияны жазуға көшесіз. Енді сіз нарыққа қалай шығатындығыңызды, өнімді/компанияны қалай жарнамалайтындығыңызды, тұтынушыларды қалай қызықтыратындығыңызды, тіпті өнім клиенттің қолына қалай түсетіндігін көрсетесіз.

Бизнес-жоспардың 8-ші беті

Өндіріс жоспарда қай жерде жұмыс істейтініңізді, қандай техниканы қолданатыныңызды, керек материалдарды қайдан және қалай алатыныңыз жайлы жазасыз. Сатып алынатын техникалардың атауын, шыққан зауытын, тіпті фотосын көрсете салыңыз. Мүмкіндік болса, олар қай жерде сатылатындығын, қолда бар ма, жоқ па екендігін анықтай салыңыз.

Бизнес-жоспардың 9-ші беті

Бизнес-жоспардың ең маңызды тұсы – қаржылық жоспар. Сондықтан қаржылық жоспарды бірнеше бөлікке бөлесіз: еңбекақы жоспары, баға саясаты, жалпы қаржылық жоспар және нақты қаржылық жоспар.

Жалпы қаржылық жоспарда өнімнің/қызметтің бір данасы қанша тұратындығын, қанша шығын/табыс алып келетіндігін, қаншауын сатуға болатындығын анықтайсыз.

Нақты қаржылық жоспарда кірістер мен шығындарды айларға, тоқсанға, жылдарға бөліп есептейсіз. Мұны ойша санау қиын. Сондықтан excel-дің көмегіне жүгінуге болады.

Бизнес-жоспардың 10-шы беті

Назар аударарлық қосымша ақпараттың барлығын қосымшада келтіресіз. Ал, пайдаланған әдебиетті жазу міндет емес.

Ісіңізге сәттілік тіледік!

Дайындаған: Жазира Байдалы

Источник

Жобаны іске асыру мерзімі мен негізігі кезеңдері

Жобаны іске асырылуы несие алған соң басталады. Аяқталу мерзімі 12 ай. Жобаның іске асыруылуы 1-ші кестеде сипатталған.

Жоба кезеңдері

1 кесте.

Жоба кезеңіОрындалу шарттарыОрындалу мерзімдері
Жобаның бастаулуыБірінші ай
Кәсіпорынның тіркелуі

(Жеке кәсіпкерлік)

Қажетті  құжаттардың болуыБірінші ай
Несие алуҚажетті  құжаттардың болуыБірінші ай
Кәсіпорынға қажетті орынды (ғимарат) іздестіруҒимарат ішіндегі орында жалға алу туралы  келісім-шарт жасасуБірінші ай
Қажетті құрал жабдықтарды  сатып алуБірінші ай
Қызметкерлерді жалдауЖұмысқа алу туралы келісім-шарт жасасуБірінші ай
Маркетингктік іс-шараларды  өткізу360 күнЖыл ішінде

Обьектінің сипаттамасы

Би мектептері биге қызығушылық танытып би үйренем деушілерге  би үйрету. Сондықтанда бұл қызметті тұтынушылар:

  • Өзінің дене-тәнін жақсы формада ұстап, би үйренгісі келетін адамдар;
  • Казіргі заман талабына сай әдемі билеу мен әсерлі қимылдарды үйренгісі келетін адамдар;
  • Достары мен жастар арасында өзін еркін әрі жақсы сезінгісі келетін адамдар.

Казіргі таңда би билеу барлық жастар арасында танымал. Мысалы,  балалар би арқылы дене икемділігін дамытады және денсаулығын жақсартады, ал үлкендер болса биді спорттың балама түрі ретінде пайдаланады, зейнеткерлер мен қарт адамдарға таныстық ортасын кеңейтіп, бос уақытын қызықты өткізуге мүмкіндігін береді.

Әлем тарихында 100 ден аса бидің түрлері бар. Қазіргі таңда келесі билердің түрлері үйретілуде. Соның ішіндегі  танымалы:

  • Классикалық би түрін үйрену: Классикалық вальс, вендік вальс, кадрил, квикстеп, мазурка, менует, чарльстон, ча-ча-ча.
  • Латынамерикандың билер: Аргентиндік танго би, болеро, румба, сальса, самба;
  • Шығыс би: «танец живота» (belly dance);
  • Заманауи би: брейк, hip-hop, r’n’b, new style, club-dance, house, girls style, L. A. Style, break-dance.

Би мектебін ұйымдастыру жоспары 353 592 теңге сомма көлемінде инвестиция тартуды көздеп отыр.

Би мектебін ұйымдастыру үшін  80-100 шаршы метр көлемінде  орынды жалдауды қажет етеді.

Биді сапалы үйрету мақсатында топтар  5-6 би үйренушілерден тұрады.

Бір би үйрену сабағынығ ұзақтығы 90 минут.

Айлық абонемент айына 12 би сабағынан тұрады (аптасына 3 рет).

Би сабағы күні бойы өткізіледі. Жас өспірім балалар тобы түске дейін, үлкендерге түстен кейін өтеді. Сондай ақ би үйретуді жекеше  өткізудіде жоспарлануда.

Бизнес ретінде би мектептері  қысқа мерзімде өзін-өзі ақтау мүмкіндігі бар.

Би мектебін жайлы (спальный ) аудандарда ашуды  жоспарланып отыр. Бұның себебі, би мектебінің адамдардың үйлерінен алыс емес жерде орналасуы клиенттердің көптеп келуін қамтамасыз етеді. Яғни адамдар жолға кететін шығындары мен уақытын үнемдей алады. Көптеген адамдар үшін би мектебінің үйден екі қадам жерде жақын орналасуы, оларды   сабақтан соң немесе жұмыс уақытынан кейін және үйде отырған қарапайым үй шаруасындағы адамдарға тартымды фактор болып табылады. Аэробикалық және би жаттығулары фитнес пен өзгеде спорт түрлерін алмастыра алады. Әрбір қыз баланың немесе әйел адамның кез келген  шағындағы негізгі мәселесі әдемі әрі тартымды болу. Ал би денедегі артық салмақтан айырылуға жақсы көмектеседі.

Би мектебін ашу үшін орынды (би залын) іздестіру барысында, жалға алатын бөлменің жағдайына, оның таза ауамен желдетілу (вентиляция) мүмкіндіктерінің болуына аса көңіл бөлінуі керек.

Би үйретушілердің кадрлық құрамы —  Алматы қаласының  хореографикалық колледждер мене академия студенттері арасынан іріктеліп алынады.

Источник

Осы салаларда  бизнес  жасайтын достарымды негіз  ете  отырып, төменде келтірілген ойларды өзім жеке  тексеріп немесе сипаттап бердім. Сізге тек қана көңіліңізге жақын  бизнесті таңдап,соған көңіл бөлгеніңіз жөн. 6 бизнес жоспар:

photodune-4187216-idea-m

Бизнес жоспар 1. Байланыс маркетингі компаниясымен серіктестік

Көп жағдайда хабары жоқ адамдар бұл жөнінде теріс ой салып,пирамида немесе өтірік деп ойлауы мүмкін. Оның олай емес екеніне көз жеткіздіргім келеді.

Байланыс маркетингін классикалық бизнес алдында талдайық:

  1. Минималды салым: 10 мен 100 доллар аралығында
  2. Бизнести бастауда негізгі тәжірибеге қол жеткізу:

    • Келіссөз жүргізуді үйрену;
    • Өз ісіңізді жобалау;
    • Топты басқару;
    • Тауар айналымын бақылау;
    • Кіріс есебі және т.б.
  3. Сіздің күнделікті қызметіңізге тәуелді болмайтын кіріс тудыруыңызға мүмкіндігіңіз бар.Бұл жерде сіз істелген жұмысыңыздың ақысын ала аласыз.

бизнес жоспар маркетинг

Байланыс маркетингі саласында айына бірнеше мыңдаған доллар табыс көретін адамдармен жеке таныспын .Оның үстіне олар метродағы кыздар ұқсап ауыр сөмкелер мен каталогтарды тасып әуре болмайды .Ашық әрі қарым-қатынасқа оңай түсетін адамдарға салымсыз пайда көру үшін сай келетін тәсіл.

Бұл бизнес-жобаны мысал түрінде талдайық.

Сіз кішігірім компьютер жасайтын  компанияда сауда бөлімінде жұмыс жасайсыз делік.Сізде орындау мен қайта орындау жобасы  үшін премия мен қаржы бар.

Әлбетте,сіздің басшыңыз көп компьютерлік техниканы сатқаныңыз үшін қызығушылык танытады.Бұл жағдайда сізге сауданы көтеру үшін тәсіл ойлап табуыңыз қажет.

Мүмкін,ол үшін сізге фирмаңызда филиал немесе өзге қала мен аудандарда филиал ашып,іс сапарларға шығуыңыз керек болар.

Бастығыңызга жазбаша түрде ұсыныс дайындаңыз(бизнес бастаушыға),сіздің алғашқы қадамыңызға қуанары сөзсіз.Егер ол толығымен бағаланса,сіз өз қызметіңізді орындап қана қоймай,сол компания серіктестігінің басшысы болуыңыз ықтимал.

Мұндай жоба өз практикалық жұмысында ұсынысқа ие болған .

бизнес жоспар партнер

Дәл осы тәсіл арқылы Қайрат деген досымның екі бірдей қызметкерлері бизнес-серіктеске айналған.

Бір қызметкері жалдамалы директор,екіншісі юрист болған еді.Осы екі жігіт мойындарына әр саладағы бизнесті алып,фирмадағы серіктестікті басқарушы болып көтеріліп алды.Есімі Николай болатын.

Бизнес жоспар 2 Өз білімін интернет арқылы сату

«Білімнің басы —бейнет !» деген сөз бар.Әсіресе,білімнің нәтижесі бар болса.

Бір нәрсе қолыңыздан жақсы келе ме: ән айту, сурет салу, программалау, суретке түсіру? Сіз сияқты жасай алғысы келетін мыңдаған адамдар бар.

Олардың бар мәселелері, істің қалай бастайтынын білмейтіндіктерінде. Оларға ақшаға қалай істейтінің айтып беріңіз. Жұмыс барысындағы тәжірибеңізбен бөлісіп көріңіз.

Жоғарыда айтып өткенімдей,сіз істей алатын ісіңіз жөнінде кеңес беріп қана қоймай, ақылы ақпаратты тауар жасауыңызға болады.

бизнес жоспар курс

Ағылшын тілінен сабақ беретін Ербол атты оқытушым скайп арқылы адамдарды ағылшын мен неміс тіліне үйретіп жүргеніне бір жылдан асты.

Бірнеше ай бұрын ол шет тілін бір жылда үйреніп шығу үшін авторлық тәсілін жазуға бел буды.Ақпараттық тауар түрінде жасап,ғаламторда сата бастады.

Енді Ербол оның қатысуынсыз ғаламтор арқылы табыс көре алатын мүмкіндікке ие болды.

Бұл бизнестің байланыстағы бастапқы формасы

Бизнес жоспар 3. Бизнестің ғаламторда құрылуы

Әлемдік торда өз бизнесіңізді орналастырғыңыз келсе оңай емес  жолмен жүруіңізге тура келеді. Бырақ бұл іс бұған тұрарлық.

Бұл бизнес-жоба белгілі бір орын тебусіз табыс көргісі келетін адамдарға арналмақ.

Демек сіз өз бизнес-жоспарыңызбен ғаламтор және компьютер бар жерде әлемнің кез-келген бұрышынан басқара аласыз.

бизнес жоспар интернет

Интернет технологияларды айыра келе,сіз сайттарды тапсырыс жасап,өз web –студиоңызды аша аласыз.Жұмыс істеу үшін офистың болуы шарт емес.

Мысалы,мен қазыр Турциядағы Кемер қаласында ғаламтор бизнесімен айналысамын.

Сіздерге айтарым,бұл керемет!Себебі,кез-келген уақытта теңіз жағалауына шығып,достарыммен кездесіп демала аламын.Менің басшыларым  жоқ,тек серіктестерім ғана.

Егер сіз ғаламторда толық ақпаратты бизнес ашуда күшіңізді сезсеңіз,өзіңіздің жобаңызға ыңтаңызды салғаныңыз жөн.Себебі,сіздің қолыңыздан келері анық.
Жоғарыда мен пассивті кіріс жайлы сөз еттім.Сонымен,достар.Өз сайтыңыз-табыс көзіңе айналатын ошақ болмақ.

Бизнес жоспар 4. Электронды тақта жарнамасы арқылы заттарды қайта сату.

Ең қарапайым бизнес бастамасы-қарапайым сауда немесе бір сөзбен айтқанда-спекуляция.Сіз арзан бағаға сатып алып,қымбатқа қайта сатасыз.

Мақаламызда салымсыз немесе аз салым  түрінде  бизнес құру  жайлы айтып өттік,бырақ біз сіздермен дүкен ашып,қомақты тауар сатып алып,заңды тұрғыда тіркелгелі жатқан жоқпыз.

Менің сіздерге ұсынарым басқа.

Алдымен жаттығып,үйіңіздегі керексіз заттарды сатып көріңіз.Мейлі ескі ноутбук,велосипед,шкаф немесе ойыншықтар болсын.

Үйіңізге жай ғана тексеріс жүргізіп,балкон  мен гаражға көз салсаңыз,керексіз заттарды табуыңыз сөзсіз(біреулерге өте қажет болуы анық),бірнеше мыңдаған рубльге керек емес заттарды тауып аласыз.

Өзім жеке үйіме тексеріс жасау барысында 50 000 тенге көлемінде қажетсіз жабдықтарды анықтадым.Бұл астыртын қарағанның өзінде.

бизнес жоспар сату

Ендігі қадам,осы қажетсіз заттарыңызды суретке түсіріп,ғаламтор арқылы жарнамаға беріңіз.Бастамасы үшін  танымал «Olx» (olx.kz) электронды тақтасы жарайды.

Сізге тек сатып алушылардың қоңырауларын күту ғана қалады.Егер осының барлығы оңай әрі қарапайым екеніне көз жеткізгіңіз келсе,менің мақаламды зерттегеніңіз абзал.

Бырақ бір ғана  Olx сайтымен шектелмеу керек.Әр қаланың жарнамалары орын тебетін жергілікті жарнама сайттары болады.Қалауыңыз бойынша тіпті жергілікті «Из рук в руки»  сияқты газеттерге жарнама беруіңізге болады.

Бұл тіпті саудаңызды тездетеді.

Алдағы уақытта,осындай тәсілмен табыс көруде тәжірибеңіз жинақталған кезде,осы істеріңізді қайталаңыз,сонымен қатар тауар әкелушілерді іздей бастаңыз және сол тауарларды Olx сияқты сайттарда сатыңыз.

Осы тәсіл арқылы жергілікті халықтардың табысынан кем түспейтін табысқа тіпті алғашқы айларда қол жеткізетіңізге кепіл беремін.

Бизнес жоспар 5.  «Бір сағаттық күйеу» қызмет көрсету жүйесі.

«Бір сағаттық күйеу» бизнес  ойы айтарлықтай жаңалық емес.Себебі, жылдан жылға актуалды болуда.Жалғыздық күйін кешіп жүрген талай әйелдер  мен қолы босамайтын адамдар  арасында осы қызмет  түрі кең етек жаюда.

 «Бір сағаттық күйеу» — әдетте ер адам үйде орындайтын ұсақ-түйек үй шаруасын орындау деген сөз тіркесімен әйгілі.

Егер сіз сантехникалық,электрлік қызмет көрсету саласында хабарыңыз бар болса,және есік құлыпын ауыстыру,шеге қағуды білсеңіз,сіздің дұрыс жарнамаңыздың арқасында көптеген тұтынушылардан толастамайтын боласыз.

бизнес жоспар құрылыс

Егер сіздің «қолыңыздан» өте жақсы келсе,неге ақшаға қызмет көрсетпеске?

Менің Махамбет атты танысым бар.Ол Ставропольде «Бір сағаттық күйеу» қызмет көрсету орталығын ашты.3 жыл ішінде қол астына көптеген қызметкерлерді алып,өз командасын аша  отырып,солардан проценттік тұрғыда пайда көруде.

Сол баяғы Olx сайтына жарнама беріңіз.Жергілікті аудандарға жарнама іліп,қызмет түрін таныстырыңыз.

Көңілі толған быраз тұтынушыңыз пайда болғаннан кейін,олардың ұсыныстары бойынша басқа да тұтынушылар келе бастайды

Тақырып бойынша кеңестер:

Өзіңізге визитка жасап, тұтынушыларыңызға таратыңыз.Тұтынушыларыңызға келесі қызмет көрсетілу түрі  10%-ға  арзандай түсетінін нұсқаңыз.

Бұл сізге тұрақты тұтынушыларды тудырады.

Егер сіз өз жұмысыңызды дұрыс ұйымдастырып,тұтынушылармен жақсы қарым-қатынаста болып,міндетіңізді мінсіз орындасаңыз,алдағы уақытта көп тапсырысқа ие болып,көмекші жалдайтындай жағдайға жетуіңіз мүмкін. Менің Махамбет атты досымның «Бір сағаттық күйеу»  қызметін дәл сондай жағдай болған. Осы тәсіл бойынша сіз өз бизнесіңізді салымсыз немесе аздаған қаржы(жарнама мен құрылғыларға) арқылы ашуыңызға болады.Қызмет көрсетуде өз көлігіңіздің болғаны жақсы,алайда міндеті шарт емес. Егер қолыңыздан келетін болса,байқап көріңіз

Бизнес жоспар 6. Жеке қызметіңізді көрсетуде үй бизнесіңіз.

Соңғы бизнес-жоспарымыз анық бір қызмет көрсету саласына жатпайды. Яғни, қолыңыздан келетін іс арқылы үйде отырып-ақ табыс көруіңізге болады.

Мысалы, үйіңіздің маңында қорасы бар ер адам болсаңыз, көліктерді жөндейтін кішігірім «үй» автоқызметіңізді ашып алсаңыз болады

Егер сіз йогамен қызығатын,шаштаразға оқып алған,немесе маникюр жасай алатын қабілетіңіз бар болса,осының өзінде табыс көре аласыз.

бизнес жоспар үй бизнес

Қарлығаш деген танысым қолбұйымдарын жасаумен шұғылданып,үйінде жасау жасап сата бастады,кейіннен балаларды өнерге баулитын творчествалық студиосын ашып алды.

Қарлығаштың тұтынушылары көбейіп, қазыр ірі компанияларға қол бұйымдарын жасап, мерекелерде сатады. Өз сүйікті ісімен айналыса отырып, табыс көреді

Есіңізге түсіріп көріңізші,мүмкін таныстарыңыздың арасында әртүрлі салаларда қызмет көрсете алатын,үйде отырып бизнеспен шұғылданатын достарыңыз бар болар?

Сол адаммен сөйлесіп,тәжірибе алмасып көріңіз.Алдағы уақытта сізден де сәтті кәсіпкер шығатынына сенімдімін.

Қорытынды

Құрметті тыңдарман, менің мақаламдағы тәсілдер сізге өз бизнесіңізді ашуда көмегі тиеді деп үміттенемін. Егер сіз кәсіпкерлікке жаңадан қадам бассаңыз, бизнес-жоспарларды қарастырып, бизнес-журнал парақшаларына кіріп көріңіз.

Бүгін біз бастаушы кәсіпкерлер үшін маңызды тақырыптарды ашып талдадық.

Шешімге келуден қашпай, қателіктер жасаудан қорықпаңыз.

бизнес жоспар табыскер

Источник